Біздің ресми сайтымызға қош келдіңіздер!
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастыруымен «Абай Құнанбайұлы шығармаларының өсиеті және рухани мұрасы» тақырыбындағы облыстық ғылыми тәжірибелік конференция өтті. Конференция қазақ халқының ұлы ақыны, әнші, аудармашы, композитор, кемеңгер ойшылы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына арналды.

Ғылыми - тәжірибелік конференцияның өткізудің мақсаты Ұлы ақынның шығармалары аркылы Абай Құнанбайұлының ағартушылық идеяларын насихаттау, облыс ұстаздарының ғылыми зерттеу, ғылыми тәжірибелік жетістіктерін тарату және зерттеу құзыреттілігін дамыту.

Атаулы конференцияның пленарлық отырысында өңір педагогтері мен зиялы қауым өкілдері сөз алып, Абай мұрасының мәңгілік рухани құндылығын айшықтады.

Отырыста мектебіміздің директоры Бірманова Қымбат Исламбекқызы «Абайтану: бүгінгі толғам және жаңа ізденістер» тақырыбында Абайтанудың заманауи бағыттары мен жаңа әдіснамалық қырларын таныстырды.

Секциялық отырыстарда мектеп мұғалімдерді өздерінің ғылыми баяндамаларын таныстырып, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, қазақ тәлі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жұмабаева Г.Т. І дәрежелі диплом; бастауыш сынып мұғалімі Жаркимбекова Р.Т. ІІІ дәрежелі диплом; қазақ тәлі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жузтаева Н.А. ІІІ дәрежелі диплом; қазақ тәлі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахметова Р.М. конференцияға қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды.