17.11.2025 күні мектебемізде Бейімбет Майлиннің туған күніне орай, мұғалімдер арасында "Біртуар - Бейімбет" атты зияткерлік сайыс өтті. Сайыс 5 кезеңнен қамтылды. Зияткерлік дода әділқазылар алқасының сайыскерлерді таныстырып, шараның маңызын атап өтуден басталды. Әр кезең Бейімбет Майлин өмірі мен шығармашылығына, әдеби мұрасына, публицистикалық еңбектеріне және оның қазақ әдебиетіндегі рөліне негізделді. Сайыс соңында ең жоғары ұпай жинаған командалар жеңімпаз атанып, арнайы сыйлықтар табысталды. Жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларға алғыс хаттар берілді. Шара мұғалімдерге ерекше рухани әсер сыйлап, Бейімбет Майлиннің бай әдеби мұрасын қайта зерделеуге мүмкіндік берді.
https://www.rudnymektep7.edu.kz/kz/zhanaly-tar/565-birtuar-bejimbet-atty-ziyatkerlik-sajys.html#sigFreeIdf091d84b16










