Біздің ресми сайтымызға қош келдіңіздер!

Мұғалімнің өз білімін жетілдіруі- сапалы білім мен тәрбие кепілі. Үздіксіз білім жетілдіру курстарынан оқып келген пән мұғалімдеріміз А.М. Мунарбаева және А.А. Нурмакова  әріптестерімен «Оқыту тәжірибесін жетілдірудегі мектеп педагогтарының аналитикалық құзыреттілігі» тақырыбында  сандық деректер,  сипаттамалық статистикалар, статистикалық шамалар,  орта мән,  мода, медиана, стандартты  ауытқу, максималды, минималды, құлашты есептеулер бойынша іс тәжірибелерімен  практика түрінде  бөлісті.

Біздің көпшілігіміз сипаттамалық статистиканы жақсы білеміз. Біз сандық көрсеткіштерді, мысалы,  білім беруде , спортта және өмірдің басқа салаларында ақпаратты қорытындылау үшін қолданамыз. Осы бағытта  Excel бағдарламасында кестеде жұмыс  жасау арқылы  мода(Мо), медиана (Ме), стандартты ауытқуды салыстыруды меңгерді.

Сонымен қатар, жас маманымыз Қ.Қ. Аманова  "Мектепте инклюзивті білім беру процесін педагогикалық жобалау" тақырыбында ҚР  "Білім туралы " заңының №385 бұйрығы негізінде ерекше білім беруді қажет ететін баламен жұмыс құжаттамасы мен әдістерін көрсетті. Пән мұғалімдеріне,сынып жетекшілерге әдістемелік құралдар ұсынды.

«Адамды бір нәрсені қайталауға үйреткеннен гөрі,  оған жаңашылдық ашуға көмектескен жөн» демекші, мұғалімнің өз білімін жүйелі жетілдіріп отыруы кәсіби дамудың жемісі.