Біздің ресми сайтымызға қош келдіңіздер!

Қазан. "Біртұтас тәрбие" бағдарламасының 2024-2025 оқу жылындағы жылдық тәрбие жоспарына сай, “Қамқор” жобасы-қазан айында "Табиғатқа қамқорлық жасаймыз" акциясы, "Еңбегі адал жас өрен" жобасы аясында – мектеп оқушылары мектеп ауласын қоқыстардан тазартып, қажетсіз қалдықтардан тазарту жұмыстарын жүргізді. Акция барысында балалар табиғатты ластмамау үшін сенбілік жұмыстары мен қолданылған қалдықтар мен қоқыстарды арнайы қоқыс жәшіктеріне тастау, бұлақ көздерін ашу, келешек ұрпаққа үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді, сондай-ақ рухани-адамгершілік қасиеттерді, азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді, парасаттылық пен адалдықты дамыту арқылы қазақстандық мәдениеттің құндылықтары негізінде өскелең ұрпақтың үйлесімді дамыған тұлғасын қалыптастыруға үлестерін қосты.
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында “ЕҢБЕК күні” мерекесіне орай 4"Г" сыныбында "Еңбек түбі - береке" тақырыбында тәрбие сағаты өтілді.
Мақсаты:
- Оқушыларға еңбектің адам өміріндегі негізгі құндылық екенін түсіндіру;
- Еңбекке деген жауапкершілікті дамыту, еңбекке құрметпен қарауға тәрбиелеу;
- Оқушыларды адал еңбекке баулып, өз болашағы үшін еңбектің маңызын түсіндіру;
Міндеттері:
• Еңбек туралы түсініктерін кеңейту;
• Адам еңбегімен жасалатын құндылықтарды бағалауға үйрету;
• Әртүрлі мамандықтар мен еңбектің маңызын көрсету.
• Еңбекқорлық пен шыдамдылық сияқты қасиеттерді қалыптастыру.
Сабақ барысында білім алушылар еңбектің пайдасын қағаз бетіне түсіріп, бір-біріне түсіндірді. Балалар суреттер арқылы жасырынған еңбек жайлы мақалдарды тауып, еңбектің адамзат өміріндегі пайдасын түсіндірді.
https://www.instagram.com/7mektep _gimnazya/p/DBF6eSutPtG/
Қарттар күні. "Біртұтас тәрбие" бағдарламасының жоспарына сәйкес қарттар күніне орай "Қарттарым-асыл қазынам" тақырыбында Мектеп Парламентінің ұйымдастыруымен Рудный қаласы «Қарттар және Мүгедектер үйіне» барып мерекелік іс-шара өткізді. Ән айтып, биші қыздар би билеп, қарттарға тәтті себет таратылды.
Мақсаты: Алыстан сұлбасы көрінген қарияға қол ұшын созып, кішіге ізет және үлкенге құрмет көрсетуге жастарымызды тәбиелеу.
Жақсылық жасау адамның рухани қазынасын байыта түсетіні сөзсіз. Қай заманда да, өзгенің қолтығынан демегеніне қазақ баласы ақы сұрамаған. Тек қазыналы қарттарымыздың ақ батасын алып, болашаққа нық қадам басады. https://www.instagram.com/ 7mektep_gimnazya/reel/DAiGBUagwMe/
Ұстаздар күні. “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы негізіндегі “Шабыт” жобасы аясында "Даналық ұстаздан" челленджі ұйымдастырылды. Челленджге мектеп оқушылары қатысты. Оқушылар Арман Дүйсеновтің «Ұстазыма» атты әнін орындады.
Оқушылар ұстаздарға мерекелік көңіл-күй сыйлап, жауапкершілікті сезініп, өздеріне жүктелген міндеттерді өз деңгейінде атқарды. Шара соңын қорытындылай келе, оқушылар "Дублер күні" алған әсерлері мен ұстаздық қызметтің қызығы мен қиындығы туралы өзара пікірлерімен бөлісті.
Дублер күні - оқушылар мұғалім болып, өзін-өзі басқара алатын, сабақтарды жүргізудің маңызды екендігін сезінді.
https://www.instagram.com/reel/DAsYxFFAGK0/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA== 
Р.Қошқарбаев 100-жылдығы мерейтойына орай 9-10 сынып оқушыларымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Р.Қошқарбаевтң еңбекгі мен өмірімен танысты, оқушылар арасында пкірталас, интеллектуалды ойындар ұйымдастырылды. Ұйымдастырушы тарих пәні мұғалімдері Қайдарбекова А.М. Ғиса Ж.Е.
https://www.instagram.com/7mektep _gimnazya/p/DATd-znNKcY/ 
Қ.Сатпаевтың 125-жылдығы мерейтойы «Жас геолог» мектепішілік далалық олимпиадасы өткізілді. 8-10 сынып оқушыларына арналған олимпиаданың жалпы ережелері бойынша тапсырмалар құрамы берілді, берілген тапсырмалар бойынша оқушылар мектеп ауласында квест ойнын ойнады, шатыр құрастырып, экологияға байланысты тапсырмалар орындап, сұрақ-жауаптар алынды. Оқушылар үшін далалық олимпиада қызықты әрі пайдалы болып өтті. Ұйымдастырушы География пәні мұғалімі Наурзбекова С.А. Олимпиада соңында үздік, жеңімпаз сыныптар мектеп директоры атынан мақтау қағаздарымен марапатталды.
https://www.instagram.com/share/_2m240YB3 
Қазан айының екінші аптасының апталық жоспарына сәйкес мектебіміздегі білім алушылардың біртұтас тұлғасын қалыптастыруға бағытталған өмірлік сын-қатерлерге төтеп беретін, табысты әлеуметтенген жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру мақсатында 1-11 сыныптар бойынша "Цифрлық әлемге қауіпсіз қадам" тақырыбында сыныптан тыс сабақ болып өтті.
«Таза Қазақстан» жобасы аясында «Plogging» трендіне қатысты. Оқушылар ұйымынан құралған оп мектеп алдын, қала ішіндегі қоқыстарды жүгіріп жүріп жинап, қоғамға пайдалы іс атқарды. Жиналған қоқыстарды арнайы орындарға апарып, сұрыптаудан өткізді. Трендке барлығы 45 оқушы қатысты. Тренд бойынша іс-шара қорытындычсы инстаграмм желісіне жарияланды.
https://www.instagram.com/7mektep _gimnazya/reel/DAIq9JVgCmh/ 
Республика күні. "Біртұтас тәрбие" бағдарламасының жоспарына сәйкес сыныптарда "Республикам-мақтанышым!" тақырыбында сонымен қатар "Отаным-алтын бесігім!"дәйек сөзін басшылыққа ала отырып сынып сағаты өтілді
Мақсаты:
- Қазақстандық патриотизмді насихаттау, жас ұрпақты тәуелсіздік нышандарына құрметпен қарауға тәрбиелеу;
- Оқушыларды өз Отанын сүюге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт –дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азаматтар тәрбиелеу;
- Оқушыларды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, бабаларымыздан қалған асыл мұра екенін түсіндіру;
- Патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту.
https://www.instagram.com/7mektep_gimnazya/reel/DBY1T-stg9a/ 
https://www.instagram.com/7mektep_gimnazya/reel/DBa-fHUAkGO/ 
https://www.instagram.com/7mektep_gimnazya/reel/DBbQmHKgW4t/ 
Мектептің осы бағыттағы іс-шара жоспары негізінде оқушыларға арнайы мамандармен кездесулер, тренингтер, түсіндірме жұмыстар, бейнероликтер шеруі жүргізіліп келеді.