Біздің ресми сайтымызға қош келдіңіздер!

Жаңалықтар

Семей қаласында өткен «Дарынды ұстазға – талантты оқушылар» ХІІ Республикалық байқауында Қостанай облысының намысын қорғаған біздің мектептің оқушылары жүлделі ІІ орынды иеленді! Құттықтаймыз!!!

Көкшетау қаласында «Болашаққа бағдар Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде әйгілі ақын, композитор Ақан Серінің 175 жылдығына орай «Ұлттық өнердің өткен кезеңі мен заманауи болашағы» атты республикалық ғылыми жұмыстар байқауы нәтижесінде біздің мектептің оқушылары 100% нәтижені көрсетті.

2018 жылдың 28-ші сәуірінде Қостанай қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде өткен WRO 2018 Облыстық іріктеу робототехника сайысы өткізілді. Олимпиада    негізгі 3 категорияны (негізгі, роботтар футболы және ашық) құрады, сонымен қатар «Шагающие сумо» және «Кегельринг-квадро» категориялары бойынша жарыс өтті. Олимпиада нәтижесі бойынша «Ашық категориядан» І орынды Муменов Алишер иеленді. Алдағы уақытта өтетін  WRO 2018 Республикалық олимпиадасына жолдама алды. Алишерге Республикалық олимпиадада тек жеңіс тілейміз!

Алматы қаласында өткен «Менің жанымның әуені» атты республикалық вокал фестивалі. Барлық қатысушылар жүлделі І орынды иеленді.


Жетекшісі: Смайлова Гүлсім Сәбитбекқызы.

Қостанай қаласында өткен 11-12 сәуір аралағында М.Дулатұлы атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің базасында «Қазақстандық білім беру және спорттық робототехника «Казроботикс» Федерациясының» ұйымдастырылуымен «Ғылым және техника» облыстық фестивалі өткізілді. Облыстық фестивальдің қорытындысы  робот техникасы бойынша жарысында «Сумо» категориясында І орынға және «Мини сумо» категориясында ІІ орынға ие болған Женисбеков Руслан мен Бурабай Арман грамоталармен мадақталып, ақшалай сыйлықтар берілді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғару» мақаласы аясында  «Туған жер» бағдарламасы бойынша 4 сәуір күні Рудный қаласы әлеуметтік-гуманитарлық колледж қабырғасында қалалық «Жас сәнгер» атты мектеп оқушылары арасында сайыс өткізілді. Сайысқа 8-9 сынып оқушылары қатысты. Біздің мектептен 8 «Ә» сынып оқушысы Қуанышова Раушан қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болды, жетекшісі Кульбаева Тамаша Александрқызы.

ІІ Қалалық «Үркер» дарынды оқушыларға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша тұңғыш академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевқа арналған 3-10 сынып оқушылары арасындағы ғылыми жұмыстар байқауы «№7 мектеп-гимназиясы» базасында өтті.